01.03.2022, 16:11
Жаңалықтар
Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді
Бұл көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында қолға алынған шара
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда ауыр жүк көліктері үшін уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көктемгі су тасқыны кезеңінде жол төсемін сақтау мақсатында бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі габаритті автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Осылайша, 1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді.
Сондай-ақ, 23 наурыздан 1 мамырға дейін — Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қозғалысқа шектеу енгізіледі.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты