$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да екі айда 30-ға жуық көлік өртенді

Негізінен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болып жатады

ШҚО-да екі айда 30-ға жуық көлік өртенді
Көрнекі фото

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өңір бойынша жыл басынан бері 28 автокөлік өртенгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның хабарлауынша 1 наурызда таңғы сағат 05.00 шамасында Алтай қаласындағы Тимофеев көшесінде гаражда тұрған көліктен от шыққан. 2014 жылғы «Шевроле Нива» маркалы көлігінде мотордың жанғыш бөлшектері мен аспаптар панелі өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығуына – қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану себеп болған.

«Бірнеше сағат өткен соң құтқарушыларға Өскемендегі Шәкәрім даңғылында «Газель» автокөлігінің өртенгені туралы хабар түсті. Департамент қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, жалпы ауданы 5 шаршы метрді құраған тілсіз жауды сөндірді.

Статистикаға сәйкес, көп жағдайда өрттің шығуына – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болып жатады», - делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары