$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға өседі – Ажар Ғиният

Бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде білім беретін 91 медициналық колледж, 15 жоғары оқу орны бар

Медициналық мамандықта оқитын студенттердің шәкіртақысы 30 пайызға өседі – Ажар Ғиният
Фото: ашық дереккөзден

Медициналық мамандықтардың шәкіртақысы 30 пайыз артады. ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақының екі есе деңгейіне жеткізу көзделген. Осылайша биыл дәрігерлерге еңбекақы төлеуді 30 пайыз, орта медицина қызметкерлеріне – 20 пайыз арттыру көзделген», - деді министр. 

Айтуынша, денсаулық сақтау жүйесінде білім беретін 91 медициналық колледж, 15 жоғары оқу орны, 14 ұлттық орталық пен ғылыми-зерттеу институты бар. 

«Медциналық саладағы студенттердің шәкіртақысы орта есеппен 30 пайыз, гранттардың құны 43 пайыз артты. Аса тапшы мамандықтар бойынша гранттар саны өсті. Осы жылдан бастап медицина, педиатрия және стоматология мамандықтары бойынша үздіксіз интегерацияланған білім беру жүйесі енгізілуде», - деді Ажар Ғиният.

Серіктес жаңалықтары