$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық жүк көліктері Украинадан шыға алмай отыр

Олардың өміріне, сондай-ақ, көлік компанияларының тауарды жеткізу және сақтауға қатысты міндеттемелеріне қауіп төніп тұр

 

Қазақстандық жүк көліктері Украинадан шыға алмай отыр

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы соғыс іс-қимылдарының басталуына байланысты Украинадан шыға алмай жатқан және көрші мемлекеттердің шекара маңы аймақтарында орналасқан отандық жүк көліктері туралы деректер жинауға бастамашы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 Украинадағы қазақстандық жүргізушілер өміріне, сонымен қатар, көлік компанияларының тауарды жеткізу және сақтауға қатысты міндеттемелеріне қауіп төніп тұр.

«Атамекен» ҰКП мәліметінше, қазір 24 жүк көлігі Украинадан шыға алмай тұр. Олардың көбі Киев облысында тұрып қалған, 3 көліктің ғана жүгі жоқ.

«Біз ақпаратты жедел жинау мақсатында жүргізушілердің барлық чатына арнайы, салалық қауымдастықтарға форманы тараттық. Түскен ақпаратты уәкілетті органдарға келген бойда жіберіп жатырмыз. Сондай-ақ, ведомстволарға хат жолдап, қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан Польша, Беларусь Республикасы арқылы шығуы үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз ету мәселесін Ресей, Беларусь, Украина, Польша  және басқа да тараптармен пысықтауды сұраймыз», – деді «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.

ҰКП деректерді жинауды жалғастырады. Егер сіз немесе көлік жүргізуші Украинадан шыға алмай жатса, дерегіңізді мына нөмірге жолдауды сұраймыз: 1432,  +7 778-870-1432 (ҰКП байланыс орталығы).

 
Серіктес жаңалықтары