25.02.2022, 16:48
Жаңалықтар
Ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
Оның бұл қызметті атқарғанына тұп-тура бір жыл болды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әлішер Әбдіқадыров 1986 жылы Алматы қаласында туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
- 2009-2015 жылдары Индустрия және сауда, инвестициялар және даму министрліктерінде жұмыс істеді.
- Әр жылдары әкімдіктердің, «Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ құрылымдарында жұмыс істеді.
- 2021 жылғы ақпаннан қазірге дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды