$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Донбаста тыныштық болуы керек»: Украина президенті ресейліктерге видеоүндеу жасады

Зеленский сөз арасында бәрі бейбіт түрде болуы керек екенін айтты

«Донбаста тыныштық болуы керек»: Украина президенті ресейліктерге видеоүндеу жасады

Украина президенті Владимир Зеленский орыс тілінде ресейліктерге арнап видеоүндеу жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Украинская правда» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский Украина халқы бейбітшілікті қалайтынын жеткізді, ол өз кезегінде ресейліктер соғысты қалайды ма деген сауалын жолдады.

«Бүгін мен Ресей Федерациясының Президентімен телефон арқылы сөйлесуге бастамашы болдым. Нәтижесі – үнсіздік, тыныштық. Ал тыныштық Донбаста болуы керек. Біз соғыс болғанын қаламаймыз, оның кез келген түрін қолдамаймыз. Бірақ біз қорғанамыз.

Көбісі Украина Ресейге қауіп төндіруі мүмкін дейді. Бүгінге дейін ондай жағдай болған емес, болашақта да болмайды. НАТО-дан қауіпсіздік кепілдіктерін талап етесіздер. Біз қауіпсіздік кепілдігін сіздерден, Ресейден және Будапешт меморандумының өзге де кепілшілерінен талап етеміз», - деді Владимир Зеленский.

Зеленский сөз арасында бәрі бейбіт түрде болуы керек екенін айтты.

«Біз орыс мәдениетін ұнатпаймыз дейді. Мәдениетті қалай жек көруге болады?! Кез-келген мәдениет? Көршілер әрқашан бір-бірін мәдени түрде байытады. Алайда бұл оларды біртұтас етеді деген сөз емес. Біз әр түрліміз. Бірақ бұл жауласуға ешқандай да себеп емес.

Біз өз тарихымызды өзіміз анықтап, құрғымыз келеді. Бейбіт. Тыныш. Шынайы», - деді Украина президенті видеоүндеуінде.

Серіктес жаңалықтары