АЭС салуға және пайдалануға беруге 10 жыл кетеді – сарапшы
Алмас Әбілдаев жаңартылатын энергия көздерінде генерацияның үлесі 4 пайыздан аспайтын жағдайда АЭС салу орынды деп есептейді
Атом электр станциясын салуға энергия қуатының тапшылығы себеп болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында энергетика саласындағы сарапшы Алмас Әбілдаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңартылатын энергия көздерінде генерацияның үлесі 4 пайыздан аспайтын жағдайда көмірмен жұмыс істейтін ЖЭО салу немесе атом электр станциясын салу туралы мәселе орынды.
«Қазір бізде бір жерде электр энергиясын өндіру шамадан тыс, ал бір жерде, мысалы, оңтүстіктің ең тығыз қоныстанған аймақтарында оның тапшылығы туындап отырғанын көреміз. Желілердің шалғайлығы мен тозуы шығынға әкеледі. Атом электр стансасын салу мәселесінен бөлек, оны тасымалдау кезінде электр энергиясының жоғалуы, бүкіл республика бойынша ауыстыруды қажет ететін желінің, қазандықтың, турбинаның, агрегаттың тозуына назар аудару қажет. Қорыта келе реакторды ең көп пайдаланылатын жерлерде, дәлірек айтқанда, еліміздің оңтүстігінде салу керек»,- дейді сарапшы.
Оның айтуынша, АЭС салуға және пайдалануға беру үшін кем дегенде 10 жыл кетеді. Әбілдаев өз сөзінде Өзбекстанда электр энергиясына деген қажеттілік одан да көп екенін соған қарамастан олар уран туралы айтылады атом станциясын салмай-ақ электр тапшылығын шешіп отырғанын айтады.