$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жоқ сертификаттар сатқан»: Тараз тұрғыны 10 адамды бір млн теңгеден астам сомаға отырғызып кеткен

Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

«Жоқ сертификаттар сатқан»: Тараз тұрғыны 10 адамды бір млн теңгеден астам сомаға отырғызып кеткен
Фото ашық дереккөзден

Таразда 36 жастағы адамның бір млн теңгеден астам сомаға жоқ сертификаттар сатқаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбылдық полицейлерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 әйел өтініш білдірді. Олар әлеуметтік желілер арқылы біліктілікті арттыру сертификаттарын дайындауға уәде берген қызбен танысқандарын айтты. Шағымданушылар оған қалай ақша жібереді, солай телефонын бұғаттап тастаған және із-түссіз жоғалып кеткен.

«Сертификаттар үшін жәбірленушілер түрлі көлемде ақша  берген: 80 000-нан 160 000 теңгеге дейін.

Аталған деректерге қатысты полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Тараз қаласының 36 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», - делінген өңірлік Полиция департаменті.

Күдікті өз кінәсін толық  мойындады. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары