$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Иран стандарттау саласында ынтымақтастық орнатады

Келісім Иранның ұлттық стандарттарына жол ашады

Қазақстан мен Иран стандарттау саласында ынтымақтастық орнатады
Фото: Tengrinews.kz

ҚазСтандарт басшылығы Тегеран қаласында 21-22 ақпанда Қазақстан мен Иран арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 17-ші отырысына қатысты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, Иран – Қазақстанның ең жақын сауда серіктестерінің бірі. 2021 жылдың өзінде Иранға экспорт 2,1 есеге өсіп, 275,3 млн АҚШ долларын құрады.

Отырыс барысында ҚазСтандарт келіссөздер үш жылдан астам уақыт жүргізілген Иран стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымымен (INSO) Стандарттау саласындағы келісімге қол қойды.

Келісім Иранның ұлттық стандарттарына жол ашады және қазақстандық кәсіпорындар үшін экспортқа жағдайлар жасайды.

Серіктес жаңалықтары