23.02.2022, 09:03
Жаңалықтар
Қазақстаннан Египетке әуе рейстері қайтадан ашылады
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстері қайтадан ашылады, деп хабарайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Наурыз айының басынан Қазақстанның "Air Astana", "Fly Arystan" және "SCAT" әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындалады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды