Алматылық әйелден жарты келі гашиш тәркіленді
Күдікті қамауға алынды

Алматылық әйелден жарты келі гашиш тәркіленді. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, «Ақбұлақ» шағын ауданында 41 жастағы әйел ұсталды.
«Есірткі құралдарының аса ірі көлемде сақталуы туралы жедел ақпарат келіп түскен кезде жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізілді. Күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту жүргізу нәтижесінде бірнеше бума есірткі заттары табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптамасы әйелдің жарты келі гашишты сатпақшы болғанын анықтады», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігінде көрсетілген қылмыс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды.