$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Былтыр 265 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды

Сонымен қатар 107 әкімшілік іс қозғалып, 99 маман әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Былтыр 265 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды
Фото ашық дереккөзден

2021 жылы мемлекеттік қызмет саласында 265 лауазымды тұлға тәртіптік, 99 маман әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекеттік қызмет саласында бақылауды ұйымдастыруда басты назарда. Заңнама мен әдеп кодексінің сақталуын жүзеге асыру, этикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметін үйлестіруді біздің агенттік тұрақты жүргізіп келеді. Мәселен, өткен жылы 720 тексеру жүргізіліп, мемлекеттік қызмет саласында заң бұзушылықтар анықталды», - деді Дархан Жазықбаев агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі кеңес тұрақты өтіп тұрады.

«Жіберілген заң бұзушылықтар үшін 265 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Сонымен қатар 107 әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 99 маман әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған шараның қорытындысы бойынша бюджетке 3 млн теңге қаржы түсті. Мемлекеттік қызметшілер арасында қабылданған қызметтік әдепті бұзушылықтың алдын алу мақсатында әдеп жөніндегі кеңестер мен 176 отырыс өтті. Жиында 1129 мәселе қаралды және мәселенің 48 пайызы тәртіппен байланысты», - дейді ол.

 Сондай-ақ, агенттік басшысы мемлекеттік қызметшілерге деген халықтың сенімін арттыра түсу үшін азаматтарды қабылдау шарасына ерекше назар аудару керектігін еске салды.


 

 

Серіктес жаңалықтары