$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырғаны үшін сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енді

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырғаны үшін сотталды
Фото ашық дереккөзден

Петропавл тұрғыны әлеуметтік желіде ұлт араздығын қоздырғаны үшін 7 жылға сотталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды, Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше,  әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің назарын Петропавл тұрғыны аударған. Оның «Facebook»-ке орналастырған материалдарынан, қалдырған жазбаларынан ұлт араздығын қоздыру әрекеті байқалған. Жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адам «Facebook»-тен басқа «Instagram» мен «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде де сол сарындас жазбалар қалдырып келген. Филологиялық сараптама ол орналастырған материалдардың экстремизм сипатына ие екендігін дәлелдеді. Петропавл қалалық соты ер адамды кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

«Биыл, осыдан біраз уақыт бұрын өңірдің екі тұрғыны сотталды. Олардың біреуінің бостандығы 3,5 жылға, екіншісінікі 4 жылға шектелді. Сондықтан, ұлт араздығын қоздырғандарға, ол мейлі әлеуметтік желі болсын, қатаң жаза барлығын еске саламыз. Заң бойынша ірі мөлшерде айыппұлдан бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Егер де оның қылмыстық топ құрамында әрекет еткені дәлелденсе немесе ауыр зардаптарға әкелсе, жаза да ауырлап, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.


 

 

Серіктес жаңалықтары