Елордада бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жол апатына ұшырады

Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр

Елордада бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен жүргізуші жол апатына ұшырады
Бейнеден кадр

Нұр-Сұлтандағы Мәңгілік ел даңғылында жол апаты видеоға түсіп қалды. Жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметінше, 20 ақпанда таңғы сағат 4.00-де Мәңгілік ел даңғылымен келе жатқан Daewoo Nexia көлігін тізгіндеген 23 жастағы жүргізуші Сығанақ көшесі жағынан Алматы көшесінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жолаушысы мен жүргізушісі зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін жүргізуші үйіне шығарылды, жолаушы қалалық ауруханаға жатқызылды. Факт бойынша тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.