20.02.2022, 14:12
Жаңалықтар
Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді
Қазақстан намысын қорғаған спортшылар медальсіз қалды
Фото ашық дереккөзден
Бүгін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шараны Qazaqstan, Qazsport және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен 17:20-да басталады. Еске салайық, Бейжіңдегі Олимпиаданың ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькиші Екатерина Айдова Қазақстанның туын алып шыққан болатын. Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғады. Олар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті. Өкінішке қарай, бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды