$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелкелер таратқан азамат ұсталды

Күдікті тергеу изоляторына қамалды

Таразда тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелкелер таратқан азамат ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелкелер таратқан адам ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

"6 қаңтарға қараған түні сағат 20.00-де Тараз қаласындағы Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тұрған. Автокөліктегі адамдар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүксалғышқа салып қойған. Көлік жүргізушісі жанғыш қоспасы бар бес литрлік ыдыс алып келіп, бөтелкелерге құйып, митингіге шыққандарға таратқан", - деді полиция өкілдері.  

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі бойынша (Терроризм акті) соталды тергеу жүріп жатыр. 

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 44 жастағы тұрғынды ұстаған, ол – Алматы облысының бұрын сотталған тұрғыны. Күдікті тергеу изоляторына қамалды. 

 

Серіктес жаңалықтары