Бас санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойды
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Ashyq жобасын енгізу туралы 2022 жылғы 13 қаңтардағы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңа қаулыға сәйкес, Ashyq жобасын енгізу және жобаға жаңадан қосылушыларды қосу алгоритміне өзгерістер енгізілді.
Қоса бекітілсін: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу және «қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Жосықсыз қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмі; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары.
Енді Ashyq жобасының қатысатын нысанға келушіден «қызыл» мәртебе анықталған жағдайда оқшауланады. «Сары» мәртебеге қатысты шектеу шарасы қолданылмайды.
Аталған өзгеріс рұқсатнама құжаттарына қатысты пункттерді де қамтиды. Одан «жасыл» қауіпсіз мәртебе мүлде алынып тасталды.
Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.