$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда көшелер мен жолайрықтарын салуға 13 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады

Биыл мегаполисте үш жолайырықтың құрылысы жалғасады

Алматыда көшелер мен жолайрықтарын салуға 13 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалады

Биыл Алматыда көшелер мен жолайрықтарын салуға 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы LS агенттігі хабарлады. 

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл мегаполисте үш жолайырықтың құрылысы жалғасады. Оның ішінде Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесіндегі жұмыстарға 2,5 млрд теңге бөлінеді.

Құлжа трактісі бар Бұқтырма көшесіндегі жол айрығы 5,9 млрд теңгеге бағаланды. Саин және Мөңке би көшелеріндегі құрылыс ағымдағы жылы 1,06 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Саин көшесін салуға ағымдағы жылы 3,06 млрд теңге, Әуезов көшесін ұзартуға – 700 млн теңге жұмсалады.
Төле би көшесінің қиылысындағы құрылыс жұмыстарына биыл 1,006 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, жолдарды орташа жөндеуге 18,5 млрд теңге, ал ағымдағы жөндеуге 1,5 млрд теңге бөлінеді.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Серік Самұратовтың айтуынша, Алматының бірнеше көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы шекарасына дейін салуға биыл 8 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде Саин көшесінің қиылысына – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов көшесіне – 2 млрд теңге, Абай көшесіне – 2 млрд теңге, Северное көшесіне – 1,3 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары