$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шағын кәсіпкерлер «Атамекеннің» құрамына кіргені үшін 1,4 млрд теңге жарна төлеген

Бұған дейін Президент шағын кәсіпкерлерді палатаның құрамында болғаны үшін төлейтін жарнадан босату керектігі туралы тапсырма берген болатын

Шағын кәсіпкерлер «Атамекеннің» құрамына кіргені үшін 1,4 млрд теңге жарна төлеген
Фото: ашық дереккөзден

ҰКП кезектен тыс ІХ съезінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының құрамына кіретін кәсіпкерлердің жарна төлеу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Съезге дейін респондеттердің 62%-ы микро және кіші кәсіпорындардан ақша жинаудан босату керегін айтқан. Ал 71%-ы жарналарды төлеудің қазіргі тәртібі сақталсын деген пікір білдірген. Палатаға төленетін жарналар кәсіп орынның табысына қатысты белгілену керек дегендердің үлесі 48 % болған. 

«Бұған дейін Президент шағын кәсіпкерлерді палатаның құрамында болғаны үшін төлейтін жарнадан босату керектігі туралы тапсырма берген болатын. Бүгін шағын кәсіпкерлікке жататын «Атамекенге» 21 мың кәсіпорын жарна аударып отыр. Бұл барлық жарна төлеушілердің 64 %-ын құрайды. Жалпы бұл санатқа жататындардан палатаға 1,4 млрд теңге ақша түскен. Бұл қаражат жалпы жалпы жарнадан түскен ақшаның 70%. Егер шағын кәсіпкерлерді жарнадан босату туралы шешім шықса, түсетін табыс 4 есе кемиді. Ал 1,4 млрд теңгенің орнын толтыру үшін палатаны оңалтуды ұсынамыз», − дейді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Нариман Әбілшайықов.

Съезд кезінде орта және ірі кәсіпорындар шағын кәсіпорындардың жарна төлемеу мәселесіне қарсы шықты. Бірақ Президент тапсырмасы негізігде жыл аяғына дейін мико ұйымдар палатаның құрамында болғаны үшін төлейтін ақшадан босатылмақ.

Серіктес жаңалықтары