$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өңірлердегі 286 елдімекенде су тасқыны болуы мүмкін – ТЖМ

Онда 400 жүз мыңнан астам адам тұрады

Өңірлердегі 286 елдімекенде су тасқыны болуы мүмкін – ТЖМ
Фото: ашық дереккөзден

286 елдімекенді су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Онда 400 жүз мыңнан астам адам тұрады. Төтенше жағдайлар министрлігі осындай мәліметтермен бөлісті. Елімізде мыңнан астам кент су басу қаупіне неғұрлым бейім болып саналады. Алайда су тасқынына қарсы іс-шаралардың арқасында олардың 340-ында су тасқыны қаупі жойылды. Құтқарушылар сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан шекара маңы бөлімшелерімен өзендердегі су тасқыны жағдайы туралы деректермен алмасты. Олар алаңдауға ешқандай себеп жоқ деп санайды.   

"Су тасқыны жағдайы күрделенсе, ТЖМ-нің қосымша құтқару күштері де әзірлікте. Мыселен, су тасқыны қауіпі аз аймақтардың күштері мен құралдары қауіпті аумақтарға жіберілетін болады. Олардын арасында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қоғау академиясының жоғарғы курс курсанттары да бар", – деді  ҚР ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Қаһарман Оразалин. 
 

Серіктес жаңалықтары