Фермерлер тегін болуы тиіс онлайн-қызметтер үшін миллиардтаған қаражат төлеп отыр - Андрей Лукин
Сенатор Qoldau.kz ақпараттық жүйесін мемлекеттік меншікке ауыстыру мәселесін қарау туралы ұсыныс айтты
Шаруалар Qoldau.kz веб-порталын пайдаланғаны үшін ақы төлеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында заңнамаға сәйкес бұл қызметтер электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тегін көрсетілуі тиіс екенін атап өтті. Алайда, бұл порталда әлі күнге дейін мұндай мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған бөлігі жасалмаған. Сенатор сол себепті мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден ақша төлеуге тура келетін жалғыз ресурс арқылы субсидия алуға өтініш қабылдайтынын атап өтті.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру мүмкіндігінің болмауына байланысты кәсіпкерлер Qoldau.kz сервисіне қол жеткізу үшін жыл сайын абоненттік төлем жасап келеді. Қазіргі уақытта аталған платформада 200 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері тіркелген, олар сервисті пайдалану мүмкіндігі үшін жыл сайын 2 млрд жуық төлем төлеуге мәжбүр болып отыр», - деді сенатор Лукин.
Депутат осыған байланысты "Электрондық үкімет" веб-порталында тегін балама қызмет көрсетуді жасау, сондай-ақ Qoldau.kz ақпараттық жүйесін мемлекеттік меншікке ауыстыру мәселесін қарау туралы ұсыныс айтты.