17.02.2022, 10:08
Жаңалықтар
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Ол өз өтініші бойынша қызметінен кетті
Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әнуар Жұмаділдаев 1965 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Патрис Лумумба атындағы халықтар достығы университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.
- 2005 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
- Әр жылдары ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті мен Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарды.
- 2017-2019 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
- 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы болды.
- 2020 жылғы шілде айында ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы