$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қара нарықтағы құны 149 млн теңге»: ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын жойды

Заңсыз айналымнан психотроптық заттар алынды

«Қара нарықтағы құны 149 млн теңге»: ҰҚК Алматыда есірткі зертханасын жойды
Фото: ҰҚК

2022 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы психотроптық заттарды заңсыз жасау бойынша есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Заңсыз әрекетке қатысы бар деген күдікпен қала тұрғыны ұсталды.

«Заңсыз айналымнан шамамен 9 кг мефедрон және «α-PVP» психотроптық заттары алынды, олардың қара нарықтағы құны 149 млн теңгеге бағаланып отыр.

Басқа зерттеу барысында Алматы қаласында еліміздің батыс өңірлеріне жеткізу үшін арналған 500-ден астам «экстази» таблеткасы жасырылған жөнелтілім анықталды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 2022 жылғы 7 ақпанда ҚР азаматы ұсталды, оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 200 г «а-PVP» психотроптық заты алынды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.

Серіктес жаңалықтары