$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды

Су өткізу құбырлары мен көпірасты аймақтардың арналарын қардан тазарту жұмыстары да басталды

Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды

Республикалық автожолдарда су тасқынына дайындық шаралары басталды, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. 

"Республикалық автожолдарды су басып, шайып кетуін болдырмау үшін су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұдан басқа, жол қызметтері өкілдерінен орталықта және өңірлерде комиссиялар құрылды.
Жоспар аясында 482 қауіпті жол учаскесі, 59 көпір және 739 су өткізу құбыры бақылауға алынды", – делінген хабарламада.

Объектілерге 883 жол-пайдалану техникасы бекітілді. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жолдар мен жол құрылыстарына күнделікті патрульдеу жүргізіледі.

Сонымен қатар су өткізу құбырлары мен көпірасты аймақтардың  арналарын қардан тазарту жұмыстары басталды.

Серіктес жаңалықтары