57 адамның денесі отбасыларына берілді
Иранның диагностикалық орталығы мен сот медицинасы зертханасының мамандары Boeing 737 украиналық ұшағында қаза тапқан 148 адамның жеке тұлғасын анықтады.
57 адамның денесі отбасыларына берілді, ал 148 адамның аты-жөні Иран сот медицинасы ұйымының сайтында жарияланды.
Еске салайық, 8 қаңтар күні таңертең PS752 рейсімен Тегеран әуежайынан Киевке ұшқан украиналық Boeing-737-800 бірнеше минуттан кейін апатқа ұшырады. Ұшақта болған 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшелері түгелдей қаза тапты.
Ал 11 қаңтар күні Иран билігі украиналық ұшақты қателесіп атып түсіргенін мойындаған болатын.