$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2020, 03:56
Жаңалықтар

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде бұрқасын жел болып, тұман түседі

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

16 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде бұрқасын жел болып, тұман түседі, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Синоптиктер еліміздегі бірқатар облыста дабылды ескерту жариялады. Атап өтер болсақ, Солтүстік Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с болатын жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні 23-28 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысынының кей жерлерінде қар жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. Бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ сақталады.

Серіктес жаңалықтары