Қаңтар айында қазақстандықтар 4 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Оның ішінде автобус пен жүк көлігі де бар
Өткен айда қазақстандықтар 4 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды. Оның ішінде автобус пен жүк көлігі де бар. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 53 процентке аз, деп хабарлайды "Хабар24".
Төменгі көрсеткішке утилизациялық алым қабылдаудың уақытша тоқтатылуы және көліктер мен қосалқы бөлшектерді жеткізу кезіндегі қиындықтар себеп болды, дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілдері. Оның үстіне, импорттаушылар Қытай-Қазақстан кеденінен басқа логистикалық бағыттармен жүрген.
Ал Қытай шекарасында тұрып қалған жүкті Ресей арқылы жеткізген. Сондай-ақ «Өндірушілерді кеңінен міндеттеу операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру қызметі «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына толық өте қойған жоқ. 2021 жылдың соңында жүргізілген төлемдер де өндірушілерге қайтарылмаған. Осылайша импорттаушылар көлік ресімдеуді уақытша тоқтатып, әліптің артын бағып отыр.