$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда 10 жасар бала ине жұтып қойып, екі күн жүрген

Ата-анасынан қорыққандықтан екі күн бойы айтпай жүрген

Қарағандыда 10 жасар бала ине жұтып қойып, екі күн жүрген
Фото: Ekaraganda.kz

Қарағанды облысына қарасты Қаражал елді мекенінде 10 жастағы бала ине жұтып қойып, екі күн бойы ата-анасына айтудан қорқып жүрген. Бұл туралы Аzattyq Rýhy Ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Екі күн өткен соң іші ауырып жүргенін, ине жұтып қойғанын ата-анасына айтқан. Олар естіген бойда дереу жергілікті ауруханаға апарды. Өз кезегінде хирургтар тексерген соң уақыт оздырмай, жедел-жәрдем арқылы Жезқазған қаласындағы ауруханаға жеткізді.

«10 жасар бала іші ауырып жүргенін айтты. Рентгенография арқылы түсіргенімізде асқазан-ішек жолында бөтен заттың бар екені анықталды. Эзофагофиброгастродуоденоскопия (ЭФГДС) арқылы көргенімізде заттың асқазанның антральды бөлімінде екені белгілі болды. Дәрігерлер эндоскопиямен инені шығарып алды. Қазір баланың өміріне ешнәрсе қауіп төндірмейді», - делінген Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары