15 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Синоптиктер 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар, еліміздің солтүстігі мен шығысында қатты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, бұрқасын болады, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарда желдің күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Павлодар облысында бұрқасын, облыстың солтүстігінде қатты бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде бұрқасын болады, жел екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады, таулы аудандарында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Ақмола облысында бұрқасын, облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығыс жартысында желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жолдарда қарлы қатқақ, облыстың солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с соғады.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстікте жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түнде Қарағанды облысында басым бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түсіп, түнде солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.