$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қысқы олимпиада: 15 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады

Шерзод Хаширбаев шаңғы акробатикасынан финалға шығу үшін іріктеуге қатысады

Қысқы олимпиада: 15 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының оныншы күнінде Қазақстан екі спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шерзод Хаширбаев шаңғы акробатикасынан финалға шығу үшін іріктеуге қатысады. 

Ал Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Олимпиададағы соңғы жарысында өнер көрсетеді. Оны үлкен трамплин мен Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу жарысы күтіп тұр. 

15 ақпандағы жарыс кестесі:

Шаңғы қоссайысы:

14:00 Үлкен трамплин. К-125. Ерлер
17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу. Ерлер;

Фристайл:

17:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер
17:45 Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Ерлер

Қайдан көруге болады:

Хабар, Матч ТВ, Матч Игра - 16:55 (шаңғы акробатикасы)
Qazsport, Матч ТВ, Матч Страна, Матч Арена - 14:00, 17:00 (шаңғы қоссайысы).

* Нұр-Сұлтан уақытымен

 
Серіктес жаңалықтары