Қазақстанда өткен тәулікте 1 300-ден астам адам коронавирус жұқтырды
Оның ішінде, ең көбі Алматы қаласынан анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 1 311 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 112,
Алматы қаласында - 382,
Шымкент қаласында – 7,
Ақмола облысында – 108,
Ақтөбе облысында - 22,
Алматы облысында - 70,
Атырау облысында - 17,
Шығыс Қазақстан облысында - 36,
Жамбыл облысында - 13,
Батыс Қазақстан облысында - 36,
Қарағанды облысында - 74,
Қостанай облысында -115,
Қызылорда облысында -12,
Маңғыстау облысында - 5,
Павлодар облысында - 157,
Солтүстік Қазақстан облысында - 143,
Түркістан облысында – 2.
Елімізде пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 291 220-ға жетті.