«Қазақстан халқына» қоры қызметкерлерінің жалақысы жарты миллион теңгеден асады
Болат Жәмішев бірқатар ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болғандықтан, өзі қордан жалақы алмайтынын айтты
«Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында қор қызметкерлерінің жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.
Жәмішевтің айтуынша, Қамқоршылық кеңес қоғамдық негізде жұмыс істейді. Бірақ атқарушы органның басшысы, яғни Болат Жәмішевтің өзін қоспағанда, барлық өкілі жалақы алады.
«24 адамды құрайтын атқару кеңесінің мүшелері орта есеппен алғанда, табыс салығы мен міндетті алымдарды қосқанда 587 мың теңгені жалақы алады», - деді Жәмішев.
Сондай-ақ қор төрағасы бірқатар ұйымның директорлар кеңесінің мүшесі болғандықтан, жалақысының болмауын жеке өзі қалыпты жағдай деп санайтынын жеткізді.