Астанада карантинді бұзып, қоғамдық орындарға барғандардың аты-жөні жарияланды
22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Елордалықтар бұрынғыша үй карантині режимін бұзуды жалғастыруда. Өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке «қызыл» статусы бар 22 адам тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Карантин мен оқшаулау режимін сақтау әркімнің азаматтық міндеті. Өкінішке қарай, әркім өзі үшін, денсаулығы үшін, өзгелердің жағдайы үшін жауап беруге дайын емес.
COVID-19 бойынша үй карантинін бұзғаны үшін «қызыл» статусы бар 22 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
- Балабек А.Ж.
- Котляр Е.Я.
- Байгабыл Р.
- Алтынбаева С.
- Жәрдемова А.С.
- Дауменов К.М.
- Хасимова Ж.
- Керімбай Б.Б.
- Алексей Г.
- Атантаева С.А.
- Орал Н.А.
- Асыл А.Д.
- Темешова Д.Т.
- Гафурова А.М.
- Редкокашин В.Н.
- Жүсіпалі А.Д.
- Байкадамова С.Т.
- Аткельдиярова Д.М.
- Абанова Р.Б.
- Рамазанова А.И.
- Тлебалдиева Г.Ш.
- Клышева А.А.
«Қызыл» статусы COVID-19 үшін ПТР зерттеуінің оң нәтижесін алған адамдарға беріледі. «Қызыл» статусы бар адамдар өзін-өзі оқшаулауда (үй карантинінде) болуы тиіс, ПТР тестілеудің оң нәтижесі анықталған күннен бастап 10 күнді қоса алғанға дейін, ПТР тестілеудің теріс нәтижесі алынған кезде үй карантині 7 күнге дейін қысқартылады.
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарды пандемияға қарсы шараларды мүлтіксіз сақтауға шақырады: маска режимін, әлеуметтік қашықтықты, сондай-ақ адам көп жиналатын орындарға бармауға тырысу.
Әрқайсымыздың өз денсаулығымыз бен жақындарымыздың денсаулығын сақтау үшін саналылық пен тәртіп қажет. Коронавирустан қорғаудың жалғыз жолы – вакцинация», - делінген әкімдік хабарламасында.