11.02.2022, 01:22
Жаңалықтар
Атырауда 30 жастағы жігітті өлтірді деген күдікпен марқұмның 8 ауылдасы ұсталды
Оларға «Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру» бабымен айып тағылған
Фото ашық дереккөзден
Атырауда 30 жастағы жігітті бір топ ауылдасы аяусыз соққыға жығып, қанжоса күйінде айдалаға апарып тастаған, деп хабарлайды Астана арнасы.
Аяқ-қолы сынған, басы жарылған азаматты ауыл тұрғындары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ, жігіт есін жимастан, қабылдау бөлмесінде көз жұмды. Оны өлтірді деген күдікпен сол елдімекеннің 8 адамы ұсталды. Оларға «Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру» бабымен айып тағылған. Бүгін күдіктілерге қатысты сот басталды. Егер олардың кінәлары дәлелденсе, 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
