$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістандық шаруалар жылыжайда өскен қызанақтарды сата алмай отыр

Ел аумағындағы базарларды Ташкент пен Түркіменстанның  өнімі жаулап алған

Түркістандық шаруалар жылыжайда өскен қызанақтарды сата алмай отыр
Фото ашық дереккөзден

Сарыағаштық  шаруалар жылыжайда пісіп тұрған қызанақтарын өткізе алмай отыр.   Айтуларынша, ел аумағындағы базарларды Ташкент пен Түркіменстанның  өнімі жаулап алған.  Бағасы да арзан көрінеді. Ал отандық өнімді сұраған ақыға берсек  шығын ақталмайды дейді, деп хабарлайды Астана арнасы.

Сарыағаштық шаруа Нұғман Әбілдашевтың жылыжай ісімен айналысып жүргеніне 4 жылдан асқан. 30 сотық жерден алғашқы жылдары екі рет өнім алған диханның биыл пайда көрем деген үміті ақталмайын деп тұр. Дәл қазір піскен 1 тонна  қызанағын өткізетін жер жоқ дейді. Көрші облыстарға жібергенмен ондағы делдалдар тым арзанға сұраған. Ол шығынды ақтамайды дейді  шаруа.  

 «350-400 менің еңбегімді ақтамайды. Қазір мен осы тұрғанда осы 30 соттыққа 70 тонна көмір жақтым. Әлі көктем аяқталам дегенше 20 тонна немесе 30 тонна көмір жағам. Ал көмірдің 1 тоннасы 17 мыңнан басталып, 20 мыңға дейін көтерілген», - дейді шаруа Нұғман Әбілдашев.

 Тек көмір емес, су мен жарықтың, екі -үш есе қымбаттап кеткен тыңайтқыштың шығыны тағы бар. Мұндай қиындықты Нұғман Әбілдашев секілді өзге шарулар да бастан өткеруде. Салдарынан кейбіреулері жұмысын тоқтатқан. Ал базардағы бағаны делдалдар билеп отыр. Оны бақылап жатқан ешкім жоқ  дейді шаруалар. Жергілікті базарларда шетелдік қызанақтары 600-700 теңге шамасында сатылып жатыр.  

Ал  салаға жауаптылар бағаны нарық реттейді дейді.  Жылыжай шаруашылығына соңғы бес жылда субсидия берілмегендіктен ұсақ серіктестіктер  осындай қиындыққа тап болғанын да жақсы біледі. Мәселе  үкіметттік деңгейде шешілуі тиіс екенін айтады.

Сарыағаш ауданында 600 гектар жылыжай бар. Егер қаржылай қолдау болса диқандар бір жылда екі рет өнім алып, ел аумағын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бар екенін айтады.  Алайда оған қолдау жоқ, ал отандық өнім   пысықайлардың кесірінен  өтпей тұр.  

 

Серіктес жаңалықтары