$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтық жасаған мемлекеттік қызметші айыппұл төлеп құтылды

Экс-басшы өз кінәсін мойындап, кішкентай баласы бар екенін айтқан соң сот оның жазасын жеңілдетті

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтық жасаған мемлекеттік қызметші айыппұл төлеп құтылды
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтық жасаған мемлекеттік қызметші айыппұл төлеп құтылды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Петропавл қалалық соты Қызылжар аудандық кірістер басқармасының бұрынғы басшысы Мереке Ағажановқа қатысты үкім шығарды. Сотталушы кәсіпкердің салық көрсеткіштерін өзгертуге көмектесемін деп, оның 1 миллион 250 мың теңгесін иемденген. Прокурор экс-шенеунікті өмір бойы тиісті органда қызмет атқару құқығынан және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Экс-басшы өз кінәсін мойындап, кішкентай баласы бар екенін айтқан соң сот оның жазасын жеңілдетті. Енді ол ақшаны 10 еселеп мемлекетке қайтарады. Басшысының ісі тәртіптік кеңесте қаралады. Ал кәсіпкердің материалы әлі тергеліп жатыр.

«Жақын арада біз мемлекеттік кірістер комитетіне арнайы хат жолдаймыз. Яғни персоналды жауапкершілік бар. Бұл аудан көлеміндегі басшы болғандықтан оның тікелей басшысы облыстық мемлекеттік кірістер басқармасның басшысы болады. Сондықтан осы қылмыстық процестік кодекстің 200-бабы бойынша ұсыныс жасалып, оның жауапкершілігі де онда көзделеді», - деді СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Жахин.

Серіктес жаңалықтары