$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұқтырма су қоймасынан 178 келі балықты заңсыз аулаған ер адам ұсталды

Осының салдарынан мемлекетке 1 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілген

Бұқтырма су қоймасынан 178 келі балықты заңсыз аулаған ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулаған ер адам ұсталды. Бұл туралы ШҚО «Зайсан-Ертіс» облысаралық бассейндік балық инспекциясы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балық инспекциясының мәліметіне сүйенсек, 8 ақпанда Бұқтырма су қоймасында заңсыз балық аулаған браконьер ұсталды. Инспекция мамандары ер адамнан 100 метр ау мен жалпы салмағы 178 келі балықты тәркіледі.

«Осының салдарынан мемлекетке 1 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірілген. Қылмыстық іс қозғау үшін материалдар мен заттай дәлелдемелер Көкпекті аудандық полиция бөліміне жіберілді», - делінген ақпаратта.

Браконьер ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабына (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз аулағаны үшін) сәйкес 3 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелуге немесе үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 

 

Серіктес жаңалықтары