15.01.2020, 13:50
Жаңалықтар
«Бұрқасын жел, көктайғақ»: синоптиктер алдағы үш тәулікке болжам жасады
Циклондар республика аумағына жылы және ылғалды ауа массаларын алып келеді
Фото: dic.academic.ru
«Казгидромет» РМК 16-18 қаңтарға арналған болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронттар Атланттан ығысып, республикаға жылы және ылғалды ауа массаларын алып келеді.
«Сондықтан көптеген облыстарда кей уақыттарда қар, солтүстікте бұрқасын және қатты екпінді жел, оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында нормадан 3…8°С-қа жоғары, ал оңтүстікте нормаға жуық сақталады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты