ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Дмитрий Баландин «Champions Swim Series» турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден сынға түседі

Фото: ашық дереккөзден

Қытайдың Шеньчжэнь қаласында Халықаралық су спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен «Champions Swim Series» турнирінің екінші маусымы өтіп жатыр.

Аталған додада қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден қола жүлдегер атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:00.55 уақытта жүзіп өтті. Жарыс нәтижесінде, Арно Камминга (Нидерланды) 58.61 уақытта бағындырып, жеңімпаз атанды. 59.02 нәтижесімен күмісті Зибей Ян жеңіп алды.

Бүгін, 15 қаңтар күні Баландин 200 м қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі. Дәл осы дистанцияда 2015 жылғы әлем чемпионы Маркус Кох (Германия), Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық Джон Прено қатысады.

Жарысқа олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары мен рекордшылар және өткен жылғы FINA рейтингіндегі үздіктер қатысуда.