$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда заңсыз құрылыс тоқтамай тұр

Қала құрылысы және сәулет басқармасы мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде 300-ден астам әкімшілік іс қозғаған

Ақтауда заңсыз құрылыс тоқтамай тұр
Фото ашық дереккөзден

Ақтауда заңсыз құрылыс тоқтамай тұр. 2021 жылы құзырлы органдар заңды белшесінен басқандарға 35 миллион теңгеден астам айыппұл салған, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Қала құрылысы және сәулет басқармасы мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде 300-ден астам әкімшілік іс қозғаған. Оның ішінде 47 іс сотқа жолданды. Басқарма басшысының айтуынша, 35-і еш рұқсат құжатынсыз мемлекеттік органдарға ескертпестен тұрғын үй құрылысын бастаса, қалғаны сауда орындарын салмақшы болған. Ішінде ірі компаниялармен қатар шағын кәсіпкерлік иелері бар. Ал оларға мораторийге байланысты алдын ала тексеру жүргізу мүмкін болмай тұр. 

«Мәселе бар. Үлескерлік заңдылығы бойынша кейбір азаматтар, мысалы, жеке тұлғалар, кәсіпкерлер тұрғын үйді салып жатыр, бірақ уәкілетті органдарға тиісті құжаттарын рәсімдемей, заңсыз әрекеттер жасалуда. Тексеріп қарасақ, көбісі шағын және микросубьектілерге тіркеліп тұр. Мораторийге байланысты жүрмелі бару қысқартылып қалды. Жазалардың барлығы қарастырылып жатыр, бүгінгі таңда сот процесінен жеңілген іс жоқтың қасы. Мұның барлығы айыппұлмен шектеліп жатыр», - деді Маңғыстау облысы қала құрылысы және жерді бақылау басқармасының басшысы Темірбек Асауов.

Серіктес жаңалықтары