Ақтөбе облысында іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды

Azattyq Rýhy

Есептік кезеңде бұрын жасалған 71 қылмыс ашылды

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көшелердегі криминогендік жағдайды тұрақтандыру мақсатында еліміздің қоғамдық орындарында 16 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу шарасы өткізіледі. Есептік кезеңде бұрын жасалған 71 қылмыс ашылды, оның ішінде жетеуі тонау ісі. Іздеуде жүрген сегіз қылмыскер ұсталды. Есірткі заттарын заңсыз алып жүргені және сақтағаны үшін 12 адам ұсталды, олардан 10 келіден астам есірткі тәркіленді. Сонымен қатар, жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде 27 атыс қаруы, оның ішінде 24 тегіс ұңғылы қару, бір газ қаруы, бір ойық мылтық және бір электрошокер табылып, тәркіленді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер қараусыз қалған үйлер мен ғимараттарды, саяжай үйлері мен жалға берілген пәтерлерді тексереді. Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 3710 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 955 бұзақылық дерегі, ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің бір мыңнан астам дерегі және азаматтық қаруды сақтау бөлігінде 25 бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері мас және есірткілік мас күйінде көлік жүргізген 74 жүргізуші анықталды.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.