$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі

Қазақстан аумағының басым бөлігіне қар жауады

Бүгін еліміздің кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Azattyq Rýhy. 

Синоптиктердің болжамына қарағанда, атмосфералық франталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан аумағының басым бөлігіне қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз. Кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының солтүстік–шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Түнде Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, түнде облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болып, облыстың оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман түсуі ықтимал.
 

Серіктес жаңалықтары