$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған азаматтар ұсталды

Күдіктілер бұрын сотталған, қазір олар қамауға алынды

Түркістан облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған азаматтар ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында жанармай бекетіне шабуыл жасаған азаматтар ұсталды. Олар 2017 жылдың қаңтарында бекетке басып кіріп, 100 мың теңгені қолды қылған, деп хабарлайды Алматы арнасы.

5 жыл бұрын қарақшылық деп тіркелген істің қатысушылары енді есірткі тасымалын ұйымдастырып отыр. Жергілікті полиция департаменті оларды Сайрам ауданында ұстап, көлікті тінту барысында аңшы мылтығы мен синтетикалық есірткіні анықтаған.

Айта кету керек, екі азамат та жоғарыда аталған жанармай бекетіне шабуыл жасағанын мойындады.  

«Күдіктілер ақшаны өзара бөліскен. Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық», 287-бабы «Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру», 296-бабы «Есірткіні заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілер бұрын сотталған, қазір олар қамауға алынды», - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

 

Серіктес жаңалықтары