$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сыр шаруалары күріш егу көлемін қысқартуы керек

Әйтпесе, Арал теңізіне тамшы да тамбай қалуы мүмкін

Сыр шаруалары күріш егу көлемін қысқартуы керек
Фото ашық дереккөзден

Биыл Сырдарияның төменгі ағысына түсетін су көлемі былтырғыдан да аз болады. Гидромамандар болжамы осындай, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 Өйткені өзен бастауындағы Тоқтағұл қоймасына 9 миллиард текше метр су жиналады деген жоспар орындалмай жатыр. Оған себеп – таудағы қар түсімі жылдағы межеден әлдеқайда кем.

 Егер жағдай осылай жалғаса берсе, суару науқанында тіршілік нәрі Көксарайға жіберілмей, тікелей Қызылордаға бағытталады. Сыр шаруалары күріш егу көлемін едәуір қысқарту керек. Әйтпесе, Арал теңізіне тамшы да тамбай қалуы мүмкін. Қазір өңір шаруашылықтары егіс алқабына себетін тұқым мен тыңайтқышын дайындап, соқа-кетпенін сайлап отыр. Бірақ диқанның ойында төккен тер еш кете ма деген қауіп басым.

 Ахуалды сараптай келе аймақта суды үнемді әрі тиімді пайдаланып, қуаңшылықты қайта болдырмаудың «Жол картасы» әзірленді. Облыс қазынасынан 20 су арнасын тазалап, 23 насос алуға қаржы бөлінді. Алайда ол жеткіліксіз. Сондықтан Үкімет тарапынан қосымша техникалық қолдау көрсетілу үшін сала министрлігіне ұсыныс жолданды.

  

 

 

Серіктес жаңалықтары