$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ: Қылмыстық істердің негізгі бөлігін ұрлық пен тонау құрайды

Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді

 

ІІМ: Қылмыстық істердің негізгі бөлігін ұрлық пен тонау құрайды

Террористік актілердің және жаппай тәртіпсіздіктердің себептері мен оларды ұйымдастырған тұлғаларды анықтау бойынша тергеуді арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық жедел-тергеу топтары жүргізуде. Өз кезегінде, ішкі істер органдары жаппай тәртіпсіздіктер аясында жасалған басқа да қылмыстар бойынша тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

«Бүгінде ішкі істер органдарының өндірісінде 2 285 қылмыстық іс, оның негізгі бөлігін ұрлық пен тонау құрайды. Бұл 1 674 іс немесе тіркелгендердің жалпы санының 73%», - деді ІІМ өкілі тергеу мәліметтерін жария ете отырып.

Серіктес жаңалықтары