$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда банкроттықты басқарушы 100 млн теңге пара алып тұрған жерінде ұсталды

Тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді

Қостанайда банкроттықты басқарушы 100 млн теңге пара алып тұрған жерінде ұсталды

Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті компанияның банкроттықты басқарушысы бас директордан және коммерциялық ұйымның құрылтайшысынан дебиторлар тізіліміне енгізу үшін 100 млн теңге мөлшерінде қомақты ақша қаражатын бопсалағанын анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Күдікті алдын ала келісілген соманың жартысын ЖШС-ның бас директоры мен құрылтайшысынан 50 млн теңге алған кезде ұсталды.

Қостанай қаласының Тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Коммерциялық параға сатып алу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары