«Қазақстан халқына» қорына соңғы тәулікте 1,2 млрд теңге түсті
Қор жылына кемінде 100 миллиард теңге көлемінде қаражат жинайды деп болжанған
Бүгінгі таңда Президенттің бастамасымен құрылған қорға 113,4 млрд теңге аударылған. Бұл қаражат ағымдағы жылдың 16 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
2 ақпанда қорға Тимур Турлов – 500 млн теңге, Дінмұхамед Идрисов – 300 млн теңге, Ғалымжан Есенов – 250 млн теңге және «Бағыстан» ЖШС – 100 млн теңге, «VERTEX TRANS» ЖШС – 20 млн теңге, «Эдельвейс Транс» ЖШС 20 млн теңге аударған.
Еске салайық, бұған дейін қор жылына кемінде 100 миллиард теңге көлемінде қаражат жинайды деп болжанған болатын. Болжамдық есептеулер шетелдік және халықаралық компаниялардан қаражат алуды көздемеген.
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына түскен қаражат денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт салаларындағы нақты мәселелерді шешуге бағытталмақ.