03.02.2022, 15:33
Жаңалықтар
Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада 19 мың волонтер жұмыс істейді
Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жалпы есебі 19 мың волонтер жұмыс істейді деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл туралы бейсенбіде өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің сессиясында ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Ян Шуань мәлімдеді.
«Қазіргі таңда қысқы Олимпиада ойындарында 19 мың волонтер қатысуда. Алдағы күндері қытай халқының қонақжайлығынан ләззат алыңыздар», - деді ол.
Айта кетелік, Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
