$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ҰҚК: Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті

Бір аптада декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісі анықталды

ҰҚК: Шекарашылар ірі көлемдегі ақша қаражатын заңсыз шығару фактілерінің жолын кесті

2022 жылғы 24-31 қаңтар аралығында Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері шетелге ақша қаражатын заңсыз шығару әрекеттерінің алдын алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шекарашылар жалпы сомасы 311 526 967 теңге болатын декларацияланбаған шетел валютасын алып шығудың 24 фактісін (Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау, Өскемен қалаларында) анықтады.

Материалдар құзыреттері бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық қылмыстарды тергеу органдарына берілді.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР-дан тыс жерлерге шығатын азаматтарға ірі ақша қаражатын (он мың АҚШ долларынан астам) алып шығудағы заң талаптарын сақтауды және декларациялау қажеттігін еске салады.

Серіктес жаңалықтары