02.02.2022, 15:05
Жаңалықтар
«Түнде және таңертең 20-30 градусқа дейін аяз сақталады»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында болады
Фото ашық дереккөзден
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Тек 5 ақпанға жақын солтүстік-батыс циклоны елдің батысына өтіп, өзімен бірге жауын-шашын мен желді ауа райын, мұзды құбылыстарды әкеледі. Республика бойынша тұман байқалады.
Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда 20-30 градусқа дейін аяз сақталады, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонның елеулі өзгерістері күтілмейді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы